О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 15 декабря 2005 года № 80 «О бюджете Денисовского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Денисов ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 2 мамырындағы № 148 «2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті» шешіміне өзгерістер енгізу туралы қаулысын қарап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті» (мемлекеттік тіркеу номері 9-8-28, «Наше время» газетінің 2006 жылдың 18 ақпанындағы № 8, «Наше время» газетінің 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 9), бұрын енгізілген өзгерістер: 2006 жылдың 12 қаңтарындағы Денисов аудандық мәслихатының № 2 «Денисов аудандық мәслихатаның 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 9-8-32), 2006 жылдың 10 мамырдағы Денисов аудандық мәслихатының № 11 («Денисов аудандық мәслихатаның 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 9-8-35):
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 493035 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдер - 213815 мың теңге;
салық емес түсімдер - 751 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсімдер - 4434 мың теңге;
ресми трансферттерден түсімдер - 277035 мың теңге;
2) шығындар - 492064 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 971 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу - 0;
5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 500 мың теңге;
6) профицит - 471 мың теңге;
7) бюджет профициттің пайдалануы - -471 мың теңге;
оның ішінде займдарды өтеу - 4000 мың теңге;
бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 3529 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2006 жылға арналған аудан бюджетінің шығындар ішінде қарастырылсын:
міндетті жалпы орта білім беру қорының шығындары «Бастауыш, негізгі және орта мектептердің, мектептер-балабақшалардың қызметін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету» ішкі бағдарлама бойынша ағымдағы ұстауға шығындардың 1 пайыз мөлшерінен кем емес;
республикалық бюджеттен берілетін мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен шығыстар:
білім беру ұйымдардың үлгі штаттарын ұстауға 21918 мың теңге көлемінде;
жалпы білім беру мемлекеттік мекемелердің кітапханалар қорын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу - 1263 мың теңге;
тестілеу пункттерге балаларды жеткізу және тамақтану мен тұруды ұйымдастыру - 294 мың теңге;
«Интернет» жүйесіне қосылу және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелердің трафигін төлеу - 2625 мың теңге»;
1-қосымша жаңа редакцияда осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жазылсын (қосымша беріледі);
Тармақ 2
2. Осы шешім Денисов ауданының әділет органдарында тіркелген кезеңінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3