О внесении изменений в решение маслихата от 15 декабря 2005 года № 80 «О бюджете Денисовского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Денисов ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 31 шілдегісіндегі № 249 «2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті» шешіміне өзгерістер енгізу туралы қаулысын қарап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағынын 1) тармақшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті» шешіміне өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-28, «Наше время» газетінің 2006 жылдың 18 ақпанындағы № 8, «Наше время» газетінің 2006 жылдың 25 желтоқсанындағы № 9), бұрын енгізілген өзгерістер: 2006 жылдың 12 қаңтарындағы Денисов аудандық мәслихатының № 2 «Денисов аудандык мәслихатының 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 9 - 8 -32,), 2006 жылдың 10 наурыздағы Денисов аудандык мәслихатының № 11 «Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 9 - 8 -35), 2006 жылдың 4 мамырдағы Денисов аудандық мәслихатының № 27 «Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 9 - 8 - 42) 2006 жылдың 12 шілдесіндегі Денисов аудандық мәслихатының № 40 «Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 9 - 8 - 45):
1. Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 508307 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері бойынша - 213789 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 777 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4434 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 289307 мың теңге;
2) шығындар - 506436 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 1871 мың теңге;
4) таза бюджетті кредиттеу - 0;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 1400 мың теңге;
6) профицит - 471 мың теңге;
7) бюджет профицитін пайдалану - -471 мың теңге»;
2. Көрсетілген шешімінің 4-тармағы жаңа редакция жазылсын:
«4. 2006 жылға арналған аудан бюджетінің шығындарында ескерілсін «Аудандық бюджет қаржысы есебінен бастауыш, негізгі және орта мектептердің, балабакшалардың қызметін қамтамасыз ету» ішкі бағдарламасы бойынша, ағымдағы ұстауға арналған шығындардың 1 пайыздан кем емес мөлшерінде, жалпыға бірдей міндетті орта білім беру корының шығындары;
республикалық бюджеттің нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен шығыстар;
білім беру ұйымдарының үлгі шарттарын ұстауға 21918 мың теңге;
жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріне кітапханалық қорларын жаңарту үшін оқулық пен оқу - әдістемелік кешенін сатып алуға және жеткізуге - 1263 мың теңге;
жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 4271 мың теңге;
тамақтануды, тұруды және балаларды тестілеу пунктілеріне жеткізуді ұйымдастыруға 294 мың теңге;
жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерін «Интернет» жүйесіне қосуға және олардың трафигін төлеуге - 2625 мың теңге;
орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріндегі биология, химия, физика кабинеттерін оқу құралдарымен қамсыздандыруға - 4230 мың теңге;
3. Көрсетілген шешімнің бесінші тармақтың бірінші тармақшасының үшінші абзацындағы «3985» санын «5975» санына ауыстырылсын.
4. Көрсетілген шешімнің 6-тармағының 2) тармақшасындағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) 2006 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттің нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу щеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға 2615 мың теңге сомасында шығыстар қарастырылсын, оның ішінде:
«Денисов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 657 мың теңге;
«Денисов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1958 мың теңге.
5. 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын (қоса тапсырылады).
Басқа 2. 2006 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті
Мәслихаттың
2006 жылдың 3 тамыздағы
№ 45 шешіміне
қосымша
2006 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті