О реализации решения маслихата от 15 декабря 2005 года № 80 «О бюджете Денисовского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «2006 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 64-1 бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «2006 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» (Денисов ауданының әділет басқармасында 2005 жылы 29 желтоқсанда № 9-8-28 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінде 2006 жылғы 18 ақпандағы 8 санында басылып шыққан) шешіміне сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламасын іске асыру» атты бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен «Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы кастарға әлеуметтік кемек көрсету» (одан әрі - әлеуметтік көмек) деген төлемдер белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінідегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Денисов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерді анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлесін және енгізсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламасын іске асыру» деген бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.