О внесении изменений в решение маслихата от 15 декабря 2005 года № 80 «О бюджете Денисовского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 111-бабы сәйкес, Денисов ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 3 қарашадағы № 353 «2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті» шешіміне өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-28, «Наше время» газетінің 2006 жылдың 18 ақпанындағы № 8, «Наше время» газетінің 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 9), бұрын енгізілген өзгерістер: 2006 жылдың 12 қаңтарындағы Денисов аудандық мәслихатының № 2 «Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-32, «Наше время» газетінің 2006 жылдың 3 маусымдағы № 23), 2006 жылдың 10 наурыздағы Денисов аудандық мәслихатының № 11 «Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-35 «Наше время» газетінің 2006 жылдың 10 маусымдағы № 24), 2006 жылдың 4 мамырдағы Денисов аудандық мәслихатының № 27 «Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-42 «Наше время» газетінің 2006 жылдың 11 тамызындағы № 33), 2006 жылдың 12 шілдедегі Денисов аудандық мәслихатының № 40 «Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-45 «Наше время» газетінің 2006 жылдың 15 қыркүйектегі № 38), 2006 жылдың 3 тамыздағы мәслихатының № 45 «Денисов аудандық мәслихатының 2005 жылдың 15 желтоқсанындағы № 80 «Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 9 - 8 - 47):
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Денисов ауданының 2006 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 504139 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері бойынша - 221860 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 916 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 564 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 280799 мың теңге;
2) шығындар - 502268 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 1871 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 1400 мың теңге;
6) профицит - 471 мың теңге;
7) бюджет профицитін пайдалану - -471 мың теңге»;
2) көрсетілген шешімінің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2006 жылға арналған аудан бюджетінің шығындарында ескерілсін:
аудандық бюджет қаржысы есебінен бастауыш, негізгі және орта мектептердің, мектеп - балабақшалардың қызметін қамтамасыз ету» ішкі бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығындардың 1 пайыздан кем емес мөлшерінде, жалпыға бірдей міндетті орта білім беру корының шығындары;
республикалық бюджеттің нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен шығыстар:
білім беру ұйымдарының үлгі штаттарын ұстауға - 18267 мың теңге;
жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріне кітапханалық корларын жаңарту үшін оқулық пен оқу-әдістемелік кешенін сатып алуға және жеткізуге - 1263 мың теңге;
жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерінде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 4271 мың теңге;
тамақтануды, тұруды және балаларды тестілеу пунктілеріне жеткізуді ұйымдастыруға -294 мың теңге;
жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерін «Интернет» жүйесіне қосуға және олардың трафигін төлеуге - 2021 мың тенге;
орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріндегі биология, химия, физика кабинеттерін оқу құралдарымен қамсыздандыруға - 4230 мың теңге»;
3) көрсетілген шешімінің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Аудан бюджетінің шығындарында ескерілсін:
1) республикалық бюджеттің нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен:
мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге - 450 мың теңге мөлшерінде;
жеке көмекшілердің қызмет көрсетулерін ұсынуға - 124 мың теңге;
аз қамтылған жанұялардан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге - 6675 мың теңге сомасында;
2) аудан бюджетінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қарастырылған қаржысы есебінен аз камтылған жанұялардан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге - 326 мың тенге сомасында шығыстар ескерілсін»;
4) 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3