О внесении дополнения в постановление акимата города Петропавловска от 15 июля 2005 года № 840 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи на оплату содержания жилища, потребления коммунальных услуг и услуг связи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны" Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қаласы әкімдігінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердiң және байланыс қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерiн бекiту туралы" 2005 жылғы 15 шілдедегі № 840 қаулысына қосымша енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердiң және байланыс қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерiн бекiту туралы" 2005 жылғы 15 шілдедегі № 840 қаулысына (Әділет органдарындағы мемлекеттік тіркеуі 2005 жылғы 10 тамыздағы № 13-1-06 2005 жылғы 19 тамыздағы № 33 "Добрый вечер" газетінде жарияланды) мынадай қосымша енгізілсін:
3 тармақта:
"қала бюджетінде" сөзінен кейін "2006 жылғы 1 шілдеден" сөзімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.