О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 15 февраля 2005 года № C-19/9 «Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Көкшетау қалалық мәслихатының «Жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 ақпандағы № C-19/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қалалық мәслихаттың «Жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» (Ақмола облыстық әділет басқармасында 2005 жылдың 22 ақпанында № 3030 болып тіркелген, 2005 жылдың 3 наурызында № 10 «Көкшетау» газетінде жарияланған, 2005 жылдың 22 сәуірдегі № С-20/9 толықтырулары бойынша) 2005 жылғы 15 ақпандағы № С-19/9 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
4 бөлімнің 11 тармағында «27» саны «30» санымен ауыстырылсын;
4 тармағының 12 бөліміндегі 1) тармақшаның келесі мазмұны жаңа редакцияда баяндалсын:
1) «Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 3000 теңге;
Жеңіс күніне орай тыл еңбеккерлеріне - 1000 теңге»;
4 бөлімнің 13 тармағының 2) тармақшасы 4, бөлімнің 12 тармағы 9) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және он күн мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді.