О внесении изменения и дополнения в постановление акимата от 15 мая 2006 года 400 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 400 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруда жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген ескери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдын сәуір-маусымында және казан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы» Жарлығының 2-тармағын және Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2006 жылғы 2 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3547, 2006 жылғы 12 мамырда «Қостанай таңы» газетінде № 56-57 болып жарияланған) қаулысын орындауда Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 400 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымында және казан - желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2006 жылғы 15 мамырдағы мемлекеттік тіркеу № 9-2-50, 2006 жылғы 14 маусымда «Рудненский рабочий» газетінде № 48 болып жарияланған) каулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулының бірінші тармағында «одан жоғары жастағы» сөздерінің алдындағы «шақыруды кейінге қалдыру құкығынан айрылған сөздері алынып тасталсын және мына мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын: «мерзімді әскери қызметке шакырудан босатылуға немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ, сонымен қатар шақыруды кейінге қалдыру кұқығын жоғалтқан».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.