О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2006 года N 101 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 15 ақпандағы N 101 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "2006 жылғы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 ақпандағы N 101 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "11120 (он бiр мың бiр жүз жиырма) теңге баға бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екi жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 558308 (бес жүз елу сегiз мың үш жүз сегiз)" деген сөздер "12350 (он екi мың үш жүз елу) теңге баға бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екi жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 502703 (бес жүз екі мың жеті жүз үш)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.