О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 августа 2006 года N 770 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 тамыздағы N 770 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 тамыздағы N 770  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiнде:
Тармақ 3
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 3
"3. Жергiлiктi атқарушы органдар жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi тиiстi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды жүргiзудi ұйымдастырады. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдау он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі