О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2006 года № 167 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 167 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 9, 81-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесінде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "015 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";"; 4-тармақта: "кабинеттерді" деген сөзден кейін ", физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын" деген сөздермен толықтырылсын; "конкурсты" деген сөз "конкурстарды" деген сөзбен ауыстырылсын; 5 және 6-тармақтардағы "кабинеттердің" деген сөзден кейін ", физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарының" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтың 1) тармақшасындағы "кабинеттерді құруға" деген сөздерден кейін ", физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.