О внесении изменений в решение 15 декабря 2006 года № 33-5 « Об утверждении стоимости разовых талонов на рынках города Семипалатинска» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 33-5 «Семей қаласының базарларындағы біржолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373-ші бабы негізінде Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 33-5 «Семей қаласының базарларындағы біржолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне (Шығыс Қазақстан облыстық әділет Департаментінің әділет басқармасында тіркелген, 2007 жылғы 10 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-2-54, «Семей таңы» және «Семипалатинские вести» газеттерінің 25 қаңтар 2007 жылғы № 4 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізу: Осы шешімге 1 қосымшасында: 2 тармақта «механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді тасымалдап әкелу» алынып тасталсын. 4 тармақта «және жүк тиейтін», «және жүктер», «жүк тасымалдау бойынша жүк таситын меншік автокөлік иелерінің қызметтері» деген сөз тіркестері алынып тасталсын. 1 тармақшадағы «қалаішілік: жүккөтергіштігі 3 тоннаға дейін», жүккөтергіштігі 3 тоннадан жоғары», «аудандық-жүккөтергіштігі 3 тоннаға дейін», «жүккөтергіштігі 3 тоннадан жоғары», 3-ші тармақшадағы «қаралық-жүк көтергіштігі 3 тоннаға дейін», «жүк көтергіштігі 3 тоннадан ары» сөз тіркестері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін іске енгізіледі.