О внесении изменений в совместное решение областного маслихата и постановление акимата области от 15 сентября 2006 года № 347/5 св "О предельных (максимальных) размерах земельных участков, предоставляемых гражданам в частную собственность" Қолданыста
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың және облыс әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігінде бола алатын жер учаскелері көлемдерінің шектік (максималды) көлемдері туралы" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі бірлескен № 347/5 с шешімі мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігінде бола алатын жер учаскелері көлемдерінің шектік (максималды) көлемдері туралы" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі бірлескен № 347/5 бр шешімі мен қаулысына (2006 жылғы 7 қарашадағы "Костанайские новости" және 2006 жылғы 3 қарашадағы "Қостанай таңы" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3554 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерінің шекті(максималды) ең жоғары көлемі туралы";
1-тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Жеке меншiкте болуы мүмкiн Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жер учаскелерінің шекті көлемдері белгіленсін.".
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Жер
ресурстарын басқару агенттігінің
Қостанай облысы бойынша аумақтық
жер инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Т. Төлеубаев