О внесении изменений и дополнений в постановление от 15 мая 2006 года № 364 «О корректировке цен на 2006 год, предоставляемых органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Күшін жойған
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде, жеке қосалқы шаруашылық табыстарын есептеу үшін статистика органдарымен берілген 2006 жылға арналған бағаларды түзету туралы» 2006 жылғы 15 мамырдағы 364 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 2-тармағы 31-бабына және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде, жеке қосалқы шаруашылық табыстарын есептеу үшін статистика органдарымен берілген 2006 жылға арналған бағаларды түзету туралы» (мемлекеттік тіркеу күні 2006 жылғы 30 мамыр, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-45, «Житикаринские новости» газетінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 23 санында жарияланған) әкімдік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы «Бағаларды түзету туралы» деген сөздерінен кейін «және орта түсімділік (өнімділік)» сөздерімен толықтырылсын;
1-тармағындағы «50%» саны «80%» санына ауыстырылсын;
1-тармағы мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
«50%» азайту жолымен орта түсімділік (өнімділік) түзетілсін».
Тармақ 2
2. Әкімдік қаулысы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн еткенінен соң қолданысқа енеді.