О внесении изменений в постановление акимата Павлодарского района 15 февраля 2006 года № 54/2 «О целевых группах населения района» Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 15 ақпандағы «Аудан халқының нысаналы топтары туралы» № 54/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдем көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданы әділет басқармасында 2006 жылғы 22 ақпанда № 12-11-22 болып тіркелген, 2006 жылғы 2 наурыздағы № 9 (7557) «Нива» газетінде жарияланған аудан әкімдігінің 2006 жылғы 15 ақпандағы «Аудан халқының нысаналы топтары туралы» № 54/2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді
ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ
Павлодар ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «02» сәуір № 125/4
«Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
15 ақпандағы № 54/2
«Аудан халқының нысаналы
топтары туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы»
қаулысына 2 қосымша
Павлодар ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «15» ақпан № 54/2
«Аудан халқының нысаналы
топтары туралы»
қаулысына 2 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді
ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындар:
- Павлодар ауданы аумағында тіркеліп орналасуы;
- төлем қабілеттілігі мен мемлекет алдында борышының жоқтығын, зейнеткерлік және әлеуметтік сақтандыру қорларына міндетті жарналарды аударуды қуаттау;
- қызметкерлеріне еңбек ақыны уақытында төленетін қуаттау;
- мемлекеттік қауіпсіздік шараларының сақталуын және еңбек қорғауды қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға, шарт мерзімі өткенше, мүмкіндігі бар жағдайда тұрақты жұмыс орындарын ұсынуы мүмкін.