О внесении изменений в постановление акимата от 15 февраля 2006 года № 59 «О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2006 года» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2006 жылғы 15 ақпандағы № 59 «2006 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар туралы» Занынын 13-бабына және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 ақпандағы № 1405 «Қазақстан
Республикасы Үкіметі және жергілікті атқарушы органдардың қорларын
пайдалану Ережесін бекіту туралы» қаулысының 4-тармағына сәйкес
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Қостанай облысы әкімдігінін 2006 жылғы 15 ақпандағы № 59 «2006
жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» (мемлекеттік тіркеу номері № 3539, 2006 жылғы
1 наурыздағы № 29 «Костанайские новости», 2006 жылғы 03 наурыздағы
№ 29 «Қостанай таңы») қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулының 3-тармағындағы «5 586 000 (бес
миллион бес жүз сексен алты мың) теңге» сандары мен создері «1 901 092
(бір миллион тоғыз жүз бір мың тоқсан екі) теңге» сандары мен сөздеріне
ауыстырылсын;
Осы қаулының қосымшасына сай 2-қосымша жаңа редакцияда
жазылсын.
Басқа 2. 2006 жылы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге арналған шығындар
СМЕТАСЫ
Әкімдіктің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 215 қаулысына
қосымша
2006 жылы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге арналған шығындар
СМЕТАСЫ
№ р\с
Іс-шаралар атауы
Сомасы, теңге
Бағдарлама әкімшілігі
1
Үйілген мұздарды жою бойынша қопару жұмыстары
779 792
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялық және дүлей аппаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2
Көктемдегі су тасқынын болжау бойынша «Қостанай гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының шығындары
396 000
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялық және дүлей аппаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі
3
Самолет кезешісінің төлемі
725 300
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялық және дүлей аппаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі
БАРЛЫҒЫ:
1 901 092