О внесении дополнений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 15 февраля 2007 года № 32 "Об установлении охранной зоны и режима природопользования на территории Государственного национального природного парка "Кокшетау" на территории Северо-Казахстанской области" Қолданыста
Басқа 0
"Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында қорғау аймағы мен табиғатты пайдалану режимін орнату туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 32 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында қорғау аймағы мен табиғатты пайдалану режимін орнату туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1641 болып тіркелген, 2007 жылдың 28 ақпаны «Солтүстік Қазақстан», 2007 жылдың 28 ақпаны «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
преамбулада «басқару» сөзінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
1-тармақта «Айыртау аудан» сөздерінен кейін «, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сапаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.