О внесении дополнений в постановление акимата от 15 января 2007 года № 4 «О реализации решения Федоровского районного маслихата от 14 декабря 2006 года № 296 «О районном бюджете Федоровского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде нөмірі 9-20-40 тіркелген, 2007 жылғы 21 наурыздағы № 12 «Федоровские новости» газетінде жарияланған шешімін жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 4 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармағы мына мазмұндағы 11) тармақшамен: «11) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, өрт және апатты құбылыс зардап шеккен тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елу есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек»; 12) тармақшасымен: «12) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, жан басына шыққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің он бес есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек» толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.