О внесении дополнений в постановление акимата от 15 января 2007 года № 4 «О реализации решения Федоровского районного маслихата от 14 декабря 2006 года № 296 «О районном бюджете Федоровского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімін жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұрын «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімін жүзеге асыру туралы» 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 56 қаулысымен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде 9-20-51 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 31 мамырда «Федоровские новости» газетінің № 22 нөмірінде жарияланған), «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде 9-20-45 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 21 наурызда «Федоровские новости» газетінің № 12 нөмірінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармағының 4) тармақшасында «тиісті жылға арналған» сөздерден кейін «зейнеткерлік жасқа толмаған 1 және 2-топтағы мүгедектерге 500 теңге көлемінде» деген сөздермен толықтырылсын; келесі мазмұнда 13) тармақшасымен толықтыру: «13) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын аз қамтылған азаматтарға 2007 жылғы 4 тоқсанға айлық есептік көрсеткіштің 0,5 көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмектің қосымша түрі» толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.