О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 15 января 2007 года № 56 «Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы «Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі» Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы» № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 57 қаулысының 7 тармағы 20-4 тармақшасына сәйкес (2006 жылғы 11 сәуірдегі м/т № 1616, «Солтүстік Қазақстан» газетінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 45 саны, «Северный Казахстан» газетінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 45 саны), єала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 56 қаулысына (2007 жылғы 31 қаңтардағы м/т № 13-1-61, «Проспект СК» газетінің 2007 жылғы 16 ақпандағы № 7 саны) Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 14 ақпандағы «Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 56 қаулысына өзгерістер енгізіу туралы» № 194 қаулысымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 22 ақпандағы м/т № 13-1-63, «Қызылжар нұры» газетінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 9 саны, «Проспект СК» газетінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 9 саны) Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 13 шілдедегі «Қала әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы № 851 (2007 жылғы 23 шілдедегі м/т № 13-1-79, «Қызылжар нұры» газетінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 31 саны, «Проспект СК» газетінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 30 саны), Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 7 тамыздағы «Қала әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы» Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 984 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен қоса (2007 жылғы 15 тамыздағы м/т № 13-1-80, «Қызылжар нұры» газетінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 34 саны, «Проспект СК» газетінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 33 саны) мынадай өзгерістер енгізілсін: Аталған қаулымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшерлері» қосымшасында;
Тармақша 1
1) 9-шы жолдағы «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ» «Ай сайынғы жұмыс орындары» бағанындағы «Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар өткізуге қатысу (қозғалмайтын мүлікті жария етуге көмек көрсетуде қажетті құжаттар ресімдеу үшін)» сөздері «Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарыққа шыққан күнінен бастап күшіне енеді. Келісілді: «Петропавл қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығының м.а. Л.Данилова 2007 ж. 30 қазан «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» ММ бастығы В.Палаткин 2007 ж. 30 қазан «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы В.Мишнев 2007 ж. 30 қазан