О внесении дополнения в постановление от 15 января 2007 года № 85 «Об утверждении Перечня целевых групп населения» Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылғы 15 қаңтардағы № 85 «Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5,7-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 85 «Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы» (тіркеу нөмірі 9-1-66, 2007 жылғы 20 ақпандағы № 15 «Қостанай» газеті) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Халықтың нысаналы топтарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы 16-жолмен толықтырылсын:
«16. Орта білім беру мектептерінде, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында оқитын жастар».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.