О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 2008 года N 17 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесі мен көлемінде: "Болжамды сақтау көлемі (тонна)" бағанында "(тонна)" деген сөз алынып тасталсын; "DDР ИНКОТЕРМС 2000 шартындағы бағасы (теңге/тонна)" бағанындағы "тонна" деген сөз "өлш. бірл." деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 1-жолдың "Өлш. бірл" бағанындағы "тн" деген аббревиатура "мың л." деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмірі 2-жолдың "Өндіруші ел" бағанындағы "импорт" деген сөз алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.