О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 2008 года N 17 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қантардағы N 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтағы "1 310 000 000 (бір миллиард үш жүз он миллион) теңге" деген сөздер "1 270 188 800 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 702 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17 қаулысына қосымша Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемі Р/с N Ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық- тар­дың ата­уы Өлш. бірл. Сақ- тау мер- зі­мі, жыл- дар- мен Бо­лжам­ды сақ­тау кө­ле­мі DDP ИН­КО- ТЕРМС 2000 шар­тын- да­ғы ба­ға­сы (тең­ге/ өлш. бірл.) Ақ­ша қа­ра- жа­тын пай­да- ла­ну, тең­ге- мен Өн­ді- ру­ші ел 1 Өсім­дік майы (та­зар­тыл- ған, шөл­мек- ке құй­ы­л­ған) мың л. 1 2 078,97 293 000 609 138 210 им- порт 2 Жар­ма (кү­ріш) тн 1 2 482,35 81 500 202 311 525 3 Қант тн 5-8 5 275 84 500 445 737 500 им- порт БАР­ЛЫ­ҒЫ 9 836,32 1 257 187 235 Ескертпе: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті кестеде көрсетілген тауарлардың апталық қажеттілігін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген (1270188800,00 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз теңге) қаражаттан материалдық құндылықтарды сақтауға, орнын ауыстыруға және шығаруға 13001565,00 теңге пайдалану көзделіп отыр.