О внесении изменения в совместное решение маслихата от 15 августа 2008 года № 122 и постановление акимата № 10 св "Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области" Қолданыста
Басқа 0
"Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 15 тамыздағы бірлескен № 122 шешіміне және Қостанай облысы әкімдігінің № 10 бр қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына сәйкес, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 15 тамыздағы бірлескен № 122 шешіміне және Қостанай облысы әкімдігінің № 10 бр қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін (2008 жылғы 26 қыркүйектегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 3655, "Қостанай таңы" 2008 жылғы 7 қазандағы № 123, "Костанайские новости" 2008 жылғы 11 қазандағы № 141):
2-тармақ
мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дружба селолық округі Қамысты ауданының Дружба селосы,
Бестау селолық округі Қамысты ауданының Аралкөл селосы болып қайта құрылсын".
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.