О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 137 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы N 506 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 7, 77-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Отбасы саны" деген 2-бағанда:
"Алматы" деген жолдағы "1450" деген сандар "1647" деген сандармен ауыстырылсын;
"Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "1100" деген сандар "1300" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жамбыл" деген жолдағы "1300" деген сандар "1498" деген сандармен ауыстырылсын;
"Батыс Қазақстан" деген жолдағы "485" деген сандар "300" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қызылорда" деген жолдағы "400" деген сандар "300" деген сандармен ауыстырылсын;
"Маңғыстау" деген жолдағы "1740" деген сандар "2180" деген сандармен ауыстырылсын;
"Павлодар" деген жолдағы "600" деген сандар "300" деген сандармен ауыстырылсын;
"Оңтүстік Қазақстан" деген жолдағы "3162" деген сандар "2712" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.