О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 и от 24 апреля 2008 года № 387 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 және 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында : көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 9-бөлімде: "Алматы қаласындағы оқу-әдістемелік орталық" деген жолдағы "Алматы" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: 23-тармақта "Алматы" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзгеде шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.