О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений" Қолданыста
Басқа 0
"Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі штат санының лимиттеріне:
2-бөлімде:
мына:
«
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
125460
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
125856
»
мына:
«
Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:
46469
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:
46865
»;
мына:
«
Алматы облысының Ішкі істер департаменті
2909
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Алматы облысының Ішкі істер департаменті
2954
»;
мына:
«
Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті
2268
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті
2385
»;
мына:
«
Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
2154
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
2193
»;
мына:
«
Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
4232
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
4427
».
Тармақ 2
2. Қосымша сандарды ұстау өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2011 жылғы 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов