О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру, қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау проблемаларын ғылыми зерттеулерді тиімді жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 2-бөлімнің 3-бағанында: «Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы» деген жолдағы «671» деген сандар «630» деген сандармен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы» деген жолдағы «426» деген сандар «467» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.