О внесении изменения в постановление акимата от 15 января 2008 года № 37 Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 37 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген, балаларға жәрдемақы алуға талап ететін отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағы негізінде Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай ауданы әкімдігінің «18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосымша шаруашылығынан түсетін түсімдерді есептеу үшін нормативтік карточкаға келтірілген, сондай-ақ статистика органы ұсынған бағаны, өндірістік шығындардың орташа деңгейінің, орташа өнімділігінің (өнімді) есепке алу деректі түзету туралы» 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 37 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2008 жылғы 13 ақпанда нөмірі 9-14-74 болып тіркелген, 2008 жылы 29 ақпанда №8 (401) аудандық «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «азайту жолымен» деген сөз тіркесінен кейін «30» саны «80» санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.