О внесении изменений в постановление от 15 января 2008 года № 47 «О социальной поддержке подростков решением комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав, направленных на обучение в бюджетную группу при Костанайском сельскохозяйственном колледже» Қолданыста
Басқа 0
«Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің жанындағы бюджеттік топта оқытуға бағытталған жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау туралы» 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің жанындағы бюджеттік топта оқытуға бағытталған жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау туралы» 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 47 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2008 жылғы 25 қаңтардағы 9-14-71 нөмірі болып тіркелген, «Көзқарас-Взгляд» аудандық газетінде 2008 жылы 25 қаңтарда № 3 (396) жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
«Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің жанындағы бюджеттік топта оқытуға бағытталған жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау туралы» тақырыпта «ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің жанындағы бюджеттік топта оқытуға бағытталған жасөспірімдерді» сөздері жойылсын және мынадай редакцияда шығарылсын «Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қолдау туралы»;
кіріспеде «Қазақстан Республикасындағы ... басқару туралы» сөз тіркесінен кейін «5-бабының 5) тармақшасы» сөз тіркесі жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.