О внесении изменений в постановление акимата от 15 января 2008 года № 61 «О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенной в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Қолданыста
Басқа 0
118 жасқа дейінгі балаларға арналған
ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар
тағайындағанда нормативтік карточкада
келтірген орташа түсімді (өнімділікті)
сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылықтан
түскен табысты есептеу үшін статистика
органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы»
әкімдіктің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 61
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және 2-тармағына, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 6Қ тармақшасына, 10-бабына, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережелерінің 30-тармағына сәйкес, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда норматтивтік карточкада келтірген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылықтан түскен табысты еспетеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 61 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 12 ақпандағы № 9-4-108 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 ақпандағы № 8 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1, 2-тармақтарындағы «30 % азайту жолымен» деген сөздер «80 % азайту жолымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.