О внесении дополнения и изменения в постановление акимата района от 15 января 2009 года № 6 "Об утверждении перечня целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2009 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 "Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтыру және өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 "Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9-7-90 тіркелген, 2009 жылдың 12 қаңтарында "Әулиекөл" газетінде жарияланған), бұрын әкімдіктің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 183 "Әкімдіктің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 "Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысына өзгерістер пен толықтыру енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9-7-102 тіркелген, 2009 жылдың 20 тамызында № 34 "Әулиекөл" газетінде жарияланған), келесі толықтыру және өзгеріс енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін тұрғындардың нысаналы топтарына кіретін тұлғалардың тізбесі 16-тармақпен келесі мазмұнда "Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері" толықтырылсын; 13 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын "Толық емес отбасылардың табысы тұрмыс деңгейінен төмен жұмыссыз тұлғалары.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Оспанов Сұлтанғали Әлмағамбетұлы 2009 жылғы 15 қазанда