О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 15 ноября 2010 года № 1199 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2011 году" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 1199 "2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасы, 20-бабы 5-тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасының, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің "2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы № 1199 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі 9-2-173, 2010 жылғы 24 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланды) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері" атты қосымшасында: реттік нөмірі 2 жол жаңа редакцияда жазылсын: " 2 "Қашар поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Жұмыскердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін техникалық жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек 3952 Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен "; реттік нөмірі 8 жол жаңа редакцияда жазылсын: " 8 "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік орган) Жұмыскердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін техникалық және қосымша жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек 9488 Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен "; реттік нөмірі 10 жол жаңа редакцияда жазылсын: " 10 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің "Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Рудный филиалы Жұмыскердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін техникалық жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек 8768 Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен "; реттік нөмірі 14 жол жаңа редакцияда жазылсын: " 14 "Качарец" пәтер иелері тұтынушы кооперативі Жұмыскердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін Қашар кентің жинауда және абаттандыруда күнделікті көмек көрсету 39520 Ең төменгі жалақының 2 мөлшері Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушыны жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен "; мына мазмұндағы реттік нөмірі 16 жолымен толықтырылсын: " 16 Мүгедектерді қалыпқа келтіру орталығы "Жаңа Өмір" қоғамдық бірлестігі Жұмыскердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін техникалық жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек 1712 Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен ".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Мүгедектерді қалыпқа келтіру орталығы "Жаңа Өмір" қоғамдық бірлестігінің төрағасы ________________ А. Дабылов