О внесении изменений в постановление акимата от 15 апреля 2010 года № 129 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан -желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестріндегі нөмірі 9-18-114, 2010 жылғы 20 мамырдағы "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) аудан әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 129 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.