О внесении изменений в приказ и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 15 октября 2010 года № 457 "Об утверждении видов и форм пропусков на право прохода, проезда в контролируемую зону аэропорта" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлiкпен өту құқығына арналған рұқсатнамалардың түрлерi мен нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1 тармағының 29) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлiкпен өту құқығына арналған рұқсатнамалардың түрлерi мен нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығына, 2011 жылы 7 сәуірдегі № 134-135 (26539) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6621 тіркелген, мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө.Әдимолда) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қызметкерінің рұқсатнамасы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 492 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығына 1-қосымша Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қызметкерінің рұқсатнамасы Нысан Оң жағы (мөлшерi 85 х 55мм) Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі Сыртқы жағы Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі
Басқа 6. Экипаж мүшесінің куәлігі
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 492 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығына 2-қосымша Экипаж мүшесінің куәлігі Нысан Оң жағы (мөлшері 85 х 55 мм) Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі Сыртқы жағы Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі