О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 февраля 2010 года № 56 «Об утверждении Перечня документов, необходимых для надлежащей проверки клиента субъектами финансового мониторинга» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттi тиiсiнше тексеруi үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттi тиiсiнше тексеруi үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы № 42 (1664) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттi тиiсiнше тексеруi үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiнде: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қаржы мониторингі субъектілері клиентті тиісінше тексеру кезінде клиенттің (оның өкілінің) таңдауы бойынша көрсетілген құжаттардың түпнұсқасы не нотариалдық куәландырылған көшірмелерін не апостиль қойдырылған немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен заңдастырылған құжаттардың көшірмелері негізінде клиент туралы мәліметтерді құжаттап тіркейді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (А.З. Мекебеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев ___________________ « » 2017 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев ____________________ « » 2017 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы ____________________ « » 2017 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Д. Ақышев ____________________ « » 2017 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов ____________________ « » 2017 жыл