О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2010 года № 97 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 97 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 97 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесінде: 14-тармақта: 11) тармақшадағы «мөрі).» деген сөз «мөрі);» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) осы Ережеге 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы (лизинг алушы) жобасының қысқаша сипаттамасы.»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ережеге 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қарыз алушы (лизинг алушы) жобасының қысқаша сипаттамасы*
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 426 қаулысына қосымша Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесіне 4-1-қосымша Қарыз алушы (лизинг алушы) жобасының қысқаша сипаттамасы* 1. Қарыз алушының (лизинг алушының) атауы ___________________________ _____________________________________________________________________ 2. Кредиттің (қарыздың, лизингтің) сомасы ___________________________ 3. Кредит беру (лизинг) мерзімі _____________________________________ 4. Сыйақы ставкасы __________________________________________________ 5. Жобаның мақсаты __________________________________________________ _____________________________________________________________________ Р/с № Са­тып алы­на­тын ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ши­кі­за­ты­ның, жаб­дық­та­ры­ның және т.б. ата­уы Ба­ға­сы Са­ны Со­ма­сы Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________________ (Т.А.Ә.) (лауазымы) (қолы) М.О. (күні) _________________________________________________ туралы мәліметтер** (кәсіпорынның атауы) растаймын:__________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі) (қолы) Ескертпе: * Әрбір қарыз алушы (лизинг алушы) бойынша жеке толтырылады ** Мәліметтер қаржы институты немесе қарыз алушыға (лизинг алушыға) қызмет көрсетілетін оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады