О внесении изменении в постановление акимата Енбекшиказахского района от 15 декабря 2011 года "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы" N 1136 Күшін жойған
Басқа 0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы" N 1136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 1136 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 17 қаңтарда N 2-8-191 болып тіркелген, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінде 2012 жылдың 03 ақпанында N 06 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
"Еңбекшіқазақ ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы".
1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Меншік құқығына қарамастан, Еңбекшіқазақ ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін."
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Айсина Қалдыкүл Оспанәліқызы
07 ақпан 2013 жыл