О внесении изменения в постановление акимата от 15 марта 2011 года № 150 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2011 году" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 150 "2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің "2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 15 наурыздағы № 150 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-181 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірде "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы Лисаков қаласының бюджетінен өтеледі және жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударылады екендігі белгіленсін".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.