О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомостволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында: «3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және 69-тармақпен толықтырылсын: «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісі 69. «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен химия өнеркәсібі саласында кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар химия өнеркәсібі саласындағы ұйымдардың басшылары, инженерлік-техникалық қызметкерлері, жұмысшылары, кәсіподақ белсенділері және мамандары жемісті және көп жылдық жұмысы, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыруға белсенді қатысқаны, кәсіби қызметтегі жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен химия өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.»;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамасында: «1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген бөлімде: «Төсбелгілер:» деген кіші бөлімде: 8-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері.»; «2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік. органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» деген бөлімде: «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің төсбелгілері» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» (31-1 -қосымша) «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісінің ені 40 мм, ұзындығы 40 мм сегіз қырлы пішінде, сегіз қырының шетінен шығып тұратын элементтері жоқ. Төсбелгінің ортасында химиялық ерітіндісі бар колба мен масақ түріндегі элементтерден, сол жағында химиялық элементтердің әріптік белгісінен тұратын химиялық саланы сипаттайтын таңба орналасқан. Символ ұлттық нақыш беретін ұлттық өрнектермен қоршалған. Химиялық өнеркәсіпті білдіретін белгінің астында бас әріптермен «ҚАЗАҚСТАН» деп жазылған ілініп тұрған транспарант түріндегі төсеме орналасады. Белгі жоғары жағында төсемесімен және онда қазақтың ұлттық стилінде безендіріліп өрнектелген және жіңішке рамкамен жиектелген «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» деген мәтін орналасқан тікбұрышты түрде қалыпты металдан дайындалады. Қалыптың өзі ортасында жалпақ ақ жолағы бар, көк лентаның көрінісін береді. Жолақтар қалыпта тігінен орналастырылады. Белгі құлақша және сақинаның көмегімен қалыпқа бекітіледі. Белгі және қалып қою көгілдір эмальмен боялған сары түсті металдан дайындалады, белгі қалыбының биіктігі 30 мм, ал ені 34 мм.»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 31-1-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. "Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері" төсбелгісі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1544 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомостволық наградаларының сипаттамаларына 31-1 қосымша "Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері" төсбелгісі