О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі»
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж. № 8, 159-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында: «Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі» 69. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, бейінді маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мүдделерін қорғағаны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, инновациялық технологияларды енгізгені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды әзірлегені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторалдық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген бөлімде: «Төсбелгілер» деген кіші бөлімнің 14-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері.»; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» (бұдан әрі – Сипаттамалар)» деген бөлімде: «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төсбелгілері» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын: «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» (45-қосымша) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі мыс пен никель қорытпасынан, диаметрі 28 милиметр және қалыңдығы 2 милиметр дөңгелек нысанында дайындалады. Белгінің бет жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» деген жазу шығыңқы орналастырылады. Шаңырақтың іші және жазу қара қою-көгілдір түсті эмальмен боялады. Белгінің сыртқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылады. Белгінің қыры тегіс. Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм қою-көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады. Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес сипаттамаларға 45-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1795 қаулысына қосымша Сипаттамаларға 45-қосымша ».