О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2011 года № 257 "Об утверждении распределения и Правил использования средств на реализацию межсекторального и межведомственного взаимодействия по вопросам охраны здоровья граждан на 2011 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «2011 — 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2011 — 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды қамтамасыз етсін.»; 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасында: 15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелері үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сатып алатын медициналық техниканың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісіледі.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 жылға арналған азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлуде: «Халықтың дұрыс тамақтауын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы» деген 5.1.2-мақсатта: реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 3 Мек­теп­тер­де­гі ба­ла­лар­ды та­мақ­тан­ды­ру ра­ци­о­ны­на ви­та­мин­ді-ми­не­рал­ды ке­шен­мен бай­ы­ты­л­ған та­мақ өнім­де­рін ен­гі­зу, оның ішін­де Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын да­мы­ту­дың 2011 - 2015 жыл­дар­ға ар­нал­ған «Са­ла­мат­ты Қа­зақ­стан» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы­ның іс-ша­ра­ла­рын іс­ке асы­ру­ға Ал­ма­ты об­лы­сы­ның (Тал­ғар ауда­ны) об­лы­стық бюд­же­тіне ны­са­на­лы ағым­да­ғы транс­ферт­тер бой­ын­ша БҒМ 100 000 оның ішін­де: Ал­ма­ты об­лы­сы­ның әкім­ді­гі (Тал­ғар ауда­ны) 100 000 »; «Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын қалыптастыру» деген 5.1.3-мақсатта: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 1 Мек­теп жа­сын­да­ғы ба­ла­лар­дың ара­сын­да ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты ау­ру­ла­ры­ның про­фи­лак­ти­ка­сы бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ке­ше­нін әзір­леу, оның ішін­де Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның об­лы­стық бюд­же­тіне, Аста­на қа­ла­сы­ның қа­ла­лық бюд­же­тіне ны­са­на­лы ағым­да­ғы транс­ферт­тер бой­ын­ша БҒМ 50 000 оның ішін­де: Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 39 632 Аста­на қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 10 368 ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.