О внесении изменения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 июля 2011 года № 309 "Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7106 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 360-367 және «Қазақстанская правда» газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 253-257 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-қосымшада: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Соңғы 5 жылдағы мәліметтерді ұсыну туралы талаптар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде құрылған субъектілерге қолданылмайды. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің халықаралық шарттарға жататыны халықаралық шартта анықталған субъекті мен атқарушы орган арасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға арналған Келісім (шарт, келісім-шарт) түрінде расталады.».
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.