О внесении изменения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 июля 2011 года № 309 "Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности" Күшін жойған
Басқа 0
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7106 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 360-367 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Егер субъектінің қызмет кезеңі 5 жылдан аспайтын болса, онда бағалау рейтингі барлық кезең бойынша айқындалады.».
Тармақ 2
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.А. Ырсалиев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.