О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 «Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген)мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде:
3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік мекемелер «Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 230 бұйрық) нысандар бойынша жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте тапсыруға қалыптастырылады;
5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:
1) электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жасалады. Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және № 230 бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады; 2) сәйкестендіргіші бар электрондық есепті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте бар функционалды пайдалана отырып, Тізілімнің құрылымына есепті жөнелту және енгізу үшін жібереді.»;
11-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекемелер қайта бағалау моделін қолданған немесе активтерді бағалаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Есеп саясатына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.»;
көрсетілген бірыңғай әдістемеге 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірыңғай әдістемеге 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он бесінші және он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 307 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: 20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ЖА
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
мың теңге
Мүлік түрі
Саны
Алғашқы құн
Жинақталған амортизация
Құнсызданудан шығындар
Теңгерім құны (3-баған - 4- баған 5- баған)
Қайта бағалау сомасы (+/-)
Қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны (6-баған + 7-баған)
Техникалық паспорттары бар объектілер саны
Есепті жылда паспорт-тау жүргізіл-ген объекті-лер саны
Паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1. Ғимараттар, жерлер**
Тұрғын емес ғимараттар
Тұрғын ғимараттар
Жер
х
***
2. Құрылыстар** (су тартқыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтар, скверлер, қоғамдық бақтар қоршаулары, бұрғы скважиналары, штольнялар)
3. Беру қондырғылары
Электр беру және байланыс қондырғылары
Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері
4. Көлік құралдары
Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы
Су көлігі
Автомобиль көлігі
Әуекөлігі
Аткөлігі
Өндірістіккөлік
Спорттық көлік
5. Машиналар және жабдық
Күш машиналары және жабдық
Жұмыс машиналары және жабдық
Өлшеу аспаптары
Реттеуші аспаптар және қондырғылар
Лабораториялықжабдық
Компьютерлік жабдық
Медициналық жабдық
Кеңсе жабдығы
Өзге де машиналар және жабдық
6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал*
Құралдар
Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар
Шаруашылық мүкәммал
Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал
7. Өзге де негізгі құралдар
Көгалдандыр-атын, сәндік отырғызулар жасанды көпжылдық отырғызулар
Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар
Өзге де мүкәммал
Жұмыс малы
Өзге де негізгі құралдар
8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік**
Тұрғын емес ғимараттар
Тұрғын ғимараттар
Жер
х
9. Биологиялық активтер
Жануарлар
Көпжылдық отырғызулар
10. Материалдық емес активтер
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Авторлық құқықтар
Лицензиялық келісім
Патенттер
Цифрлық активтер
х
х
х
Өзге де материалдық емес активтер
11.Мемлекетке тиесілі цифрлық объектілер
х
х
х
Цифрлық ресурстар
х
х
х
Бағдарламалық қамтамасыз ету
х
х
х
Интернет-ресурс және цифрлық инфрақұрылым
х
х
х
12. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
Ескертпелер:
* осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес;
** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып;
*** «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - ААҮ) анықтаған немесе мемлекеттік мүлік тізілімінде ААҮ белгіленген тәртіппен автоматы түрде есептелген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны көрсетіледі;
x бұл жайғасым толтыруға жатпайды.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат» қосымшада берілген.
Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
Телефон
Электрондық пошта мекенжайы
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
Басқа 7. «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Нысанға қосымша
«20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(Индекс: 1-ЖА, кезеңділік: жыл сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1- бағанында мүлік түрлері көрсетілген.
Тармақ 4
4. Нысанның 2 - бағанында мүліктің саны көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында теңгерімге қою кезінде алғашқыда танылған мүліктің бастапқы құны көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында пайдалану кезеңінде мүліктің жинақталған тозуы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында мүліктің теңгерім құны оның өтелетін құнынан асатын сома көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудан болған шығын шегерілгеннен кейін мүлік есепке алынатын құн көрсетіледі (3 - баған - 4-баған - 5-баған).
Тармақ 9
9. Нысанның 7- бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).
Тармақ 11
11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 10-бағанында есепті жылы паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізіуі қажет объектілер саны көрсетіледі.
Басқа 2
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 307 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне
2-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АҚ
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с №
Үй-жайдың атауы
Мемлекеттік заңды тұлға қызметкерлерінің саны
Бекітілген нормативтерге сәйкес үй-жайдың ауданы, ш. м.
Үй-жайдың нақты ауданы, ш. м.
Бекітілген нормативтерге сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаны орналастыру үшін қажетті аудан, ш. м.
1
2
3
4
5
6
Ескертпе:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» қосымшада берілген.
Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
Телефон
Электрондық пошта мекенжайы
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
Ш.м. – шаршы метр
Басқа 24. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат»
Нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат»
(Индекс: 1- АҚ, кезеңділігі: жыл сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2-бағанында үй-жайдың атауы көрсетіледі, атап айтқанда мемлекеттік заңды тұлғалары орналасқан әрбір жеке үй-жай толтырылады.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілері саны, атап айтқанда осы үй-жайға орналасқан мемлекеттік заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында бекітілген нормативтеріне сәйкес үй-жайдың алаңы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның нақты алып отырған алаңы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаларға қажетті алаң көрсетіледі (6-баған, егер 5-бағанда көрсетілген мән 4-бағанында көрсетілген мәннен аз болса толтырылады).
Басқа 3
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 307 бұйрығына
3-қосымша
Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне
3-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АА
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
р/с №
Ғимараттың немесе үй-жайдың атауы
Ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері
Ғимараттың кадастрлық нөмірі
Ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың бір бөлігі немесе ғимараттағы үй-жайлар және сол сияқты)
Мемлекеттік заңды тұлғаны орналастыру туралы мәліметтер
Мемлекеттік заңды тұлға орналасқан ғимараттың немесе үй-жайдың ауданы, ш. м.
Жалға берілетін алаңның 1 ш. м. құны, теңге *
Ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша шығыстар, бір айға, теңге *
Есепті жылы ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша шығыстар, теңге *
Жедел жүргізу немесе шаруашылық басқару құқығымен бекітілген ғимарат немесе үй-жай
Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жайларында орналастырылған
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардан және/немесе жеке тұлғалардан жалға алынған
Жалпы ауданы
Пайдалы аудан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Ескертпелер:
* 11, 12 және 13 бағандарды жалға алынатын үй-жайы бар болған жағдайда мемлекеттік мекемелер ғана толтырады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары» қосымшада берілген.
Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
Телефон
Электрондық пошта мекенжайы
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
Ш.м. – шаршы метр
Басқа 36. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат»
Нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат»
(Индекс: 1-АА, кезеңділігі:жыл сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6, 7, 8 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлғаның орналастырылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 9, 10 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлға алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың жалпы және пайдалы алаңы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 11-бағанында жалға алынған алаңның 1 шаршы метрі үшін құны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 12-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 13-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
Басқа 4
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 307 бұйрығына
4-қосымша
Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне
4-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АЖ
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
р/с №
Мемлекеттік заңды тұлғаның атауы
Қызметтік немесе кезекші
(оның ішінде автобустар)
Маркасы, моделі, модификациясы
Мемлекеттік нөмірі
Қозғалтқыш көлемі, текше см
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Автокөліктің тиесілігі туралы мәліметтер
Автокөлікті жалға алу бойынша шығыстар, бір айға, теңге
Автокөлікті жалға алу бойынша шығыстар, есепті жыл үшін, теңге
Жедел немесе шаруашылық басқару құқығына бекітілген автомобиль
Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың пайдалануына берілді
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардан және (немесе) жеке тұлғалардан жалға алынатын
7
8
9
10
11
Ескертпе:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат» қосымшада берілген.
Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
Телефон
Электрондық пошта мекенжайы
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
Текше см – текше сантиметр
Басқа 52. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат»
Нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат»
(Индекс: 1- АЖ, кезеңділігі:жыл сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1 - бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2 - бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3 - бағанында қызметтік немесе кезекші автомобиль (оның ішінде автобустар) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4 - бағанында автомобильдің маркасы, моделі, модификациясы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5 - бағанында автомобильдің мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында автомобиль қозғалтқышының көлемі текше см көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 7, 8, 9 - бағандарында автомобильдің жабдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 10 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 11 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
Басқа 5
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 307 бұйрығына
5-қосымша
Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне
5-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Цифрлық активтер туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- ЦА
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с №
Цифрлық активтің түрі
Цифрлық активтің технологиялық негізі
Бірегей сәйкестендіргіш
Құқықтық режим
Мемле-кеттік басқару органы
Цифрлық активтерді шығару бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (жеке кәсіпкер)
Мемлекеттік меншік құқығының пайда болу негізі
Теңгерімге қою күні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ескертпе:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Цифрлық активтер туралы ақпарат» қосымшада берілген.
Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
Телефон
Электрондық пошта мекенжайы
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
Басқа 67. «Цифрлық активтер туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Нысанға қосымша
«Цифрлық активтер туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(Индекс: 1-ЦА, кезеңділігі: жыл сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Цифрлық активтер бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1- бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның цифрлық активінің түрі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында цифрлық активтің технологиялық негізі (блокчейн / ақпараттық жүйе) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында бірегей сәйкестендіргіш көрсетіледі (hash / token ID).
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның цифрлық активінің құқықтық режимі көрсетіледі (қамтамасыз етілген / қамтамасыз етілмеген).
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның мемлекеттік басқару органы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 7-бағанында цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) атауы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 8-бағанында мемлекеттік меншік құқығының пайда болу негізі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 9-бағанында теңгерімге қою күні көрсетіледі.