О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 15 ноября 2013 года № 402 «Об утверждении Правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Атырауской области» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2831 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасында: 2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын: «1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысының АӨК-де инновациялық тәжірибені енгізу және тарату бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекеме;».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.