О внесении изменений в решение Айтекебийского районного маслихата от 15 апреля 2014 года № 147 «Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Айтекебийском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 147 «Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 147 «Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3885 болып тіркелген, 2014 жылы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесінде «№ 148» нөмірі алынып тасталсын; көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 290 шешіміне қосымша Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 147 шешімімен бекітілген Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Әйтеке би ауданында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй, ауданның ауылдық округтері тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Әйтеке би ауданының ауылдық округтерінiң аумағындағы, ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын), жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Осы қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару - халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
Тармақша 2
2) жергiлiктi қоғамдастық - шекараларында жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс iстейтiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұратын тұрғындардың (жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң) жиынтығы;
Тармақша 3
3) жергiлiктi маңызы бар мәселелер - реттелуi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қызметiнiң мәселелерi.
Бөлім 2. 2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының өкілеттіліктері
2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының өкілеттіліктері
Тармақ 4
4. Бөлек жиынның қатысушылары күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды:
Тармақша 1
1) аудан мәслихатына, ауданның және ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;
Тармақша 3
3) аудан мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;
Тармақша 4
4) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
Бөлім 3. 3. Бөлек жиынды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды өткізу тәртібі
Тармақ 5
5. Бөлек жиын ауылдық округтiң әкiмiмен шақырылады. Тиiстi аудан әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
Тармақ 6
6. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi ауылдық округтiң әкiмi ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Бөлек жиынды ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады. Ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатуралары жасы 18-ден асқан, әрекет қабілеттігі бар, сотталмаған азаматтардың әр 100 адамнан 1 адам құрамында бөлек жиынның қатысушылары ретінде ұсынылады. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
Тармақ 12
12. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
Тармақ 13
13. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиыны оған ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында сайланған өкілдердің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Бөлім 4. 4. Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі
4. Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі
Тармақ 14
14. Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Ауылдық округ әкімдері жергілікті қоғамдастық жиынының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі. Ауылдық округ әкімдері келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.
Тармақ 15
15. Жергілікті қоғамдастық жиынында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиыны шешімінің қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды.
Бөлім 5. 5. Қорытынды ереже
5. Қорытынды ереже
Тармақ 16
16. Бөлек жиын өткізу барысында жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.