О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 5-2/671 «Об утверждении Правил субсидирования развития систем управления производством сельскохозяйственной продукции» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 185 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақша 3
3) органикалық өнім – «Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі, акваөсіру және балық аулау өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынған өнім және оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде тамақ өнімі;
Тармақша 4
4) органикалық өнім өндіруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – органикалық өнімді әзірлеу (жасау), өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) органикалық өнім өндіру – Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында көзделген әдістер мен тәсілдерге сәйкес келетін, нәтижесі органикалық өнім болып табылатын қызмет түрлерінің жиынтығы;
Тармақша 6
6) сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
Тармақша 7
7) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган – сәйкестікті растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
Тармақша 8
8) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі.
Тарау 2. 2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуға субсидияны алу тәртібі
2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуға субсидияны алу тәртібі
Тармақ 3
3. Субсидияларды беру үшін көрсетілетін қызметті беруші тұрақты комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Комиссия құрамы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе оның міндеттерін атқаратын адамның бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Комиссияның құрамы кемінде бес адам.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш. Субсидияны беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидиялар беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидияларды алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған;
Тармақша 2
2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған кезде, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және сәйкестiктi растау жөнiндегi органның электрондық шот-фактураны төлеуі туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады. Қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорация жұмыскері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік корпорация көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүгедектерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге кедергісіз тең қол жеткізу бойынша қызмет көрсету шараларын қабылдайды.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен құжаттар топтамасын тіркеуді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері олар келіп түскен күні жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны тағайындау үшін береді.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылға арналған республикалық бюджет бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында cубсидиялауға арналған құжаттарды қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы ақпаратты орналастырады, сондай-ақ субсидиялау туралы тиісті ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, Мемлекеттік корпорацияға, қоғамдық бірлестіктер мен консалтингтік компанияларға жібереді. Өтініштерді қабылдау тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды мынадай шарттарға сәйкестігі мәніне қарастырады:
Тармақша 1
1) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган субсидиялауға арналған өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан ерте емес берген көрсетілетін қызметті алушының органикалық өнім өндіруге қойылатын талаптарға сәйкестік сертификатын растауы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден көрсетілетін қызметтерді алғанын растауы (жеткізушінің органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін сертификаттау туралы тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
Тармақша 3
3) органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығындарды өтеу үшін ағымдағы жылы субсидиялар төлемдерінің болмауы.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші Комиссия қабылдаған шешімнің негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды тағайындау туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оны Мемлекеттік корпорацияға жіберуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялар төлеуге арналған ведомості бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлем шотын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын субсидиялауға арналған өтініштер бойынша субсидияларды төлеу субсидиялауға арналған өтініш берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы көрсетілетін қызметті алушының органикалық өнім өндіруге арналған сәйкестік сертификатының барлық құнынан шығындардың 50 (елу) пайызын құрайды.
Тармақ 11
11. Органикалық өнім өндіруге 1 (бір) сәйкестік сертификатын алу кезінде шеккен шығындар бойынша өтеу лимиті ағымдағы қаржы жылында 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Тармақ 12
12. Субсидияларды бөлу субсидиялауға арналған өтініштерді беру кезектілігінің тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу көрсетілетін қызметтерге төлеу үшін төлемді аудару күнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Мемлекеттік корпорацияға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысты қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Басқа 1.1. Субсидиялауға арналған өтініш
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан Субсидиялауға арналған өтініш 20__ жылғы «___» _________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ______________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Маған ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамыту үшін органикалық өнім өндіру жөніндегі сәйкестік сертификатын растауға _ ____________________________________ теңге сомасында субсидия төлеуді сұраймын. (сомасы цифрлармен және жазбаша) 1. Өтініш беруші туралы мәліметтер: заңды тұлға үшін: атауы _________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)______________________ басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________________________________________ мекенжайы: ___________________________________________________ телефон (факс) нөмірі: __________________________________________ электрондық почтасы ___________________________________________ жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі ________________________________________________________ кім берді ______________________________________________________ берілген күні __________________________________________________ мекенжайы: ___________________________________________________ телефон (факс) нөмірі: __________________________________________ электрондық почтасы ___________________________________________ Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін: орналасқан жері________________________________________________ хабардар етілген күн ____________________________________________ 2. Екінші деңгейдегі банктегі жеке немесе заңды тұлғаның ағымдағы шотының мәліметтері: ЖСН/БСН _____________________________________________________ бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ________________________________ банк деректемелері______________________________________________ банк атауы _____________________________________________________ банктің сәйкестендіру нөмірі______________________________________ жеке сәйкестендіру коды_________________________________________ БСН ___________________________________________________________ Кбе ___________________________________________________________ 3. Жер учаскесіне құжаттың болуы туралы мәліметтер: жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы _______________________________________________________________ мемлекеттік акт _________________________________________________ (нөмірі және берілген күні, кім берді) орналасқан орны________________________________________________ (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен)) мекенжайы______________________________________________________ кадастрлық нөмірі _______________________________________________ барлық алаңы, гектар ____________________________________________ (оның ішінде егістік, нысаналы мақсаты) 4. Ауыл шаруашылығы өнімін және оны тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу жөніндегі объектіге құжаттардың болуы туралы мәліметтер: объектінің меншік иесінің атауы__________________________________ акт нөмірі______________________________________________________ (нөмірі және берілген күні, кім берді) орналасқан орны________________________________________________ (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен)) мекенжайы_____________________________________________________ кадастрлық нөмірі _______________________________________________ нысаналы мақсаты ______________________________________________ 5. Сәйкестікті растау жөніндегі орган қол қойған көрсетілген қызметтердің актісі туралы мәліметтер: сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы ________________________ _______________________________________________________________ акт нөмірі және күні _____________________________________________ шарттың нөмірі мен күні, оған сәйкес көрсетілген қызметтер актісі жасалған ________________________________________________________________ көрсетілген қызметтердің түрі (атауы)_______________________________ көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен______________________ 6. Сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактуралар туралы мәліметтер: р/с № Шот-фак­ту­ра­ның нө­мі­рі Шот-фак­ту­ра­ның кү­ні Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің тү­рі (ата­уы) Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің жал­пы құ­ны, тең­ге­мен Са­тып алушы­ның ЖСН/БСН-ы және ата­уы 1 2 3 4 5 6 7. Берілген сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер: Сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы_______________________________________________________________ сертификат (сертификаттар) нөмірі және берілген күні__________________ сертификаттың (сертификаттардың) қолданылу мерзімі _________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін. ____________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) Өтініш берілген күн: 20 ___ жылғы «___» ______________
Басқа 1.2. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 2-қосымша «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) өті­ніш­те­рін қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Суб­си­ди­я­ны та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі 1)Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 15 жел­тоқ­сан­да­ғы № 5-2/671 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10198 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ді бас­қа­ру жүй­е­ле­рін да­мы­ту­ды суб­си­ди­я­лау қа­ғи­да­ла­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша суб­си­ди­я­ла­у­ға ар­нал­ған өті­ніш; 2) ор­га­ни­ка­лық өнім­ді рас­та­у­ға ар­нал­ған сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты­ның кө­шір­ме­сі. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы за­ңы­ның 19-1-ба­бы 2-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз бо­лып та­был­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар. Тір­ші­лік әре­ке­тін шек­тей­тін ағ­за функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты бұ­зу­шы­лы­ғы бар, ден­са­улы­ғы на­шар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­та­рын қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция жұ­мыс­ке­рі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­ра оты­рып, жүр­гі­зе­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​gov.​kz мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың бі­рың­ғай плат­фор­ма­сын­да­ғы ин­тер­нет-ре­сур­ста көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 1.3. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ____________________мекенжайы бойынша орналасқан №_____филиалының бөлімі Сіздің 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда: 1) _________________________________________; 2) _________________________________________; бермеуіңізге байланысты «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы хабарлама әр тарап үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды. _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) Телефоны ________________ Алдым: ______________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) 20__ жылғы «___» _________
Басқа 1.4. Субсидияны тағайындау туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Нысан Субсидияны тағайындау туралы хабарлама Құрметті _________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы) Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтінішіңіз бойынша «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы «__» __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылды.
Басқа 1.5. Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 5-қосымша Нысан Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздерде:________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ бас тартады. Осы бас тарту әр тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды. __________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 185 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 5-2/389 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11345 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 5-2/673 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11938 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 5-2/389 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15212 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 5-2/673 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 57 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16400 болып тіркелген).