О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 5-2/671 «Об утверждении Правил субсидирования развития систем управления производством сельскохозяйственной продукции» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған; 2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған кезде, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді. Қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорация жұмыскері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік корпорация көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге кедергісіз тең қол жеткізу бойынша қызмет көрсету шараларын қабылдайды.»; 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың мынадай шарттарға сәйкестігін қарастырады: 1) көрсетілетін қызметті алушының сәйкестiктi растау жөнiндегi орган субсидиялауға арналған өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан ерте емес берген органикалық өнім өндіруге қойылатын талаптарға сәйкестік сертификатын растауы; 2) көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден көрсетілетін қызметтерді алғанын растауы (жеткізушінің органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін сертификаттау туралы тиісті электрондық шот-фактурасының болуы); 3) органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығындарды өтеу үшін ағымдағы жылы субсидиялар төлемдерінің болмауы. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Комиссия көрсетілетін қызметті алушының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылдайды. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді. 9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны ресімдейді және оның Мемлекеттік корпорацияға жіберілуін қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялар төлеуге арналған ведомость бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлем шотын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын субсидиялауға арналған өтініштер бойынша субсидияларды төлеу субсидиялауға арналған өтініш берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұсынымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды көрсетілетін қызметті беруші хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушының тыңдалымға ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның Мемлекеттік корпорацияға жіберілуін қамтамасыз етеді.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) шағымды жібермеуге құқылы.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оның «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына және Бірыңғай байланыс орталығына жолданылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 0. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 10 қазандағы № 319 бұйрығына қосымша Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 2-қосымша «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті жет­кі­зу тә­сіл­де­рі Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) өті­ніш­те­рін қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Суб­си­ди­я­ны та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат ны­сан­да­ры­ның жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 15 жел­тоқ­сан­да­ғы № 5-2/671 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10198 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ді бас­қа­ру жүй­е­ле­рін да­мы­ту­ды суб­си­ди­я­лау қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да) 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша суб­си­ди­я­ла­у­ға ар­нал­ған өті­ніш; 2) ор­га­ни­ка­лық өнім­ді рас­та­у­ға ар­нал­ған сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты­ның кө­шір­ме­сі. Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) және сәй­кест­iк­тi рас­тау жөнiн­де­гi ор­ган­ның элек­трон­дық шот-фак­ту­ра­ны тө­ле­уі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция жұ­мыс­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет­тің» сырт­қы шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі­нің анық­та­луы; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар. Тір­ші­лік ету әре­ке­тін шек­тей­тін ағ­за функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты бұ­зу­шы­лы­ғы бар, ден­са­улы­ғы на­шар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­та­рын қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция жұ­мыс­ке­рі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­ра оты­рып жүр­гі­зе­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың бі­рың­ғай плат­фор­ма­сын­да­ғы www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.