Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации»

Бұйрық · № 653 · қабылданған 21.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-511-ekb-159675/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации» Қолданыста Бұйрық ·№ 653 ·21.10.2021
21.10.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 653 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации»
Атауы (қаз.)
«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
653
Қабылданған күні
21.10.2021
Көрсетілген редакция
21.10.2021 159675_542449.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024843
ЭКБ идентификаторы
159675
Редакция идентификаторы
159675_542449
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:16

0 «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
140 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«140. Пробация қызметінің бастығы немесе оны ауыстыратын адам сотталғанға ҚАК-пен және сот жүктеген шектеулерге сәйкес тиісті құралдарды орнатудың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, сотталған адамды жеке есепке қою кезінде немесе жазаны орындау кезеңінде оның жеке басын сипаттайтын мәліметтер негізінде электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы жазбаша ескертуі бар бас бостандығын шектеуге сотталған адамға қатысты бір жыл мерзімге, ал шартты сотталған адамға қатысты пробациялық бақылау сот қаулысымен ұзартылған мерзімге электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы