О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 15 декабря 2014 года № 574 «О некоторых вопросах поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории Айыртауского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 «Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 - бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 - бабы 2 – тармағының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 (2015 жылғы 9 ақпанда  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3078 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қазақ тіліндегі қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Қоса берілген Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.»; Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурызы № 61 қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 қаулысымен бекітілген Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары Осы Қағидалар Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауға қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Айыртау ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ) енгізеді.
Тармақ 3
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ бастығының қосымша бұйрығы шығарылады.
Тармақ 6
6. СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 252 003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттік бағдарламасымен жүргізеді.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хаттарын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықты беруді СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.